Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕНТ КЕМЕЛДЕНІП КЕЛЕДІ

КЕНТ КЕМЕЛДЕНІП КЕЛЕДІ

Сонымен, өткен жылы салалар бойын­ша қылмыстар саны 472-ден 426-ға төмен­дегендігі белгілі болды. Ал, мал ұрлығы 62-ден 84-ке артқан. Тағы бір алаңдайтын мәселе, жол-көлік оқиғалары санының көбейгендігі. Мәселен, былтыр жол көлік оқиғалары салдарынан 67 азамат әртүрлі дене жарақатын алса, 13 адам осындай оқиғаның құрбаны болған.
Д.Төлеуовтың есебін тыңдаған аудан әкімі Ә.Оразбекұлы соңғы келтірген мәліметтері бойынша қылмыстың бірқатарының артқандығын алға тартып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жасап, жандандыру қажеттігін қатаң тапсырды.
Тұрғындар мұнан әрі кент әкімінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алға қойылған бағыттары бойынша қорытынды есебіне ден қойды. Ғ.Аманжолов өз кезегінде өткен жылы атқарылған және алдағы жылға жоспарланған жұмыстар мен қолға алынатын жобалар туралы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, әлеуметтік, білім, мәдениет салалары бойынша баяндап берді. Бүгінде Елбасы тарапынан қолдау тапқан кәсіпкерлік саласына әрқашан демеу болатынын айтқан кент басшысы алдағы уақытта атқарылуға тиіс жұмыстарды жұртшылыққа таныстырды.
2017 жылы кенттің 13 көшесіне асфальт төселсе, 34 көшеге қиыршық тас жайылған. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы күн сайын қуаттанып жатқан кентімізде өткен жылдың өзінде 5 нысан іске қосылып, халық игілігіне қызмет көрсетіп, салық базасы нығаюымен қатар, жұмыс орындары да ашылды. Салауатты жастардың қуанышына айналған жаңалық тозығы жеткен 4 спорт алаңының жөндеуден өтуі болды. Аймақта қызу басталған баянды істердің осы жылы да жалғасатынын айтқан Ғ.Аманжолов өңір экономикасын дамытудың перспективаларын баяндаманың негізгі арқауына айналдырды.
Аудан және кент әкімінің есептері тыңдалып, есепті мерзім қорытындыланды. Ауданның барлық саласын қамтыған баян­дамасынан кейін аудан әкімі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде жастардың түн қатып бос жүруі, осының салдарынан артып отырған қылмыстардың қынжылтатындығын жеткізді. Сонымен қатар, мал ұрлығы артса да пада мәселесінің бір жүйеге келтірілмеуі, мал базары уақытының ауысуы мүмкіндігін, инфраструктуралары жасалып берілген сегіз мөлтек ауданды тұрғындардың пайдалануға асықпауы аудан әкімінің назарынан тыс қалмады. Алда атқарылар ауқымды істерге кеңінен тоқталған есепті кездесу кент тұрғындарының тілек-талаптарымен жалғасты. Алғаш сөз алған кент ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Батырбаев әкімдердің ел әлеуетін арттыруда атқарып жатқан жұмыстарына жеміс тілеп, алғысын жеткізді. Былтырғы есепті жиында уәде етілгендей, кенттен егістік мақсатында берілген жерді тиімді пайдаланатындығын да айта кетті. Кент ардагерлер ұйымының төрағасы тұрғындарды кент тазалығы жұмыстарына баса назар аударуға шақырды. Сөзді одан әрі кент ардагері А.Бегалдинов жалғап, орталық бейітке жер бөлу мәселесі кезек күттірмейтін шаруа екенін ортаға салды. Ардагердің алаңдауы бейіттің төменгі жағы палигонға айналып бара жатқандығы. А.Бегалдинов басшылықтың назарына салған тағы бір мәселе топырақ, құм алуға арналған арнайы карьердің қажеттілігі. Бұл өтініш-тілектер ескерусіз қалмай, өз жауаптарын алды. Аудан әкімі өз сөзінде Алмалы ауылының маңынан орталық бейіт үшін белгіленген жердің шешімін күтіп отырғанын жеткізді. Ал, екінші мәселе төңірегінде жақын күндері топырақ пен құм алуға арналған карьердің орны белгіленіп, тұрғындарға хабарланатындығын айтып өтті.

Дина ЖҮСІПОВА,
Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.
27 қаңтар 2018 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031