Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕРЛИНГЕ ЖАЯУ БАРҒАН ШИЕЛІЛІК ҚАЗАҚ

БЕРЛИНГЕ ЖАЯУ БАРҒАН ШИЕЛІЛІК ҚАЗАҚ

Әлиакбар Монтаев 1923 жылдың сәуір айында Сырдың бойында орта шаруаның үйінде дүниеге келген. Небәрі он жасында анасы Патаннан айырылған ол, тұрмыстың тауқыметін аз көрмейді. Әкесі Сағындық азын-аулақ малын бағып, сыртта жүргенде Әлиакбар туыстарының үйін паналап, орта мектепті аяқтайды.
Кейіннен жүрегі алып-ұшып, жалындап тұрған жас жігіт соғысқа әскер қатарына шақырту алады. Ол жақта арнайы сеферлық курсты аяқтаған соң мина тазалау бөлімшесінің жетекшісі болып тағайындалады. Әскерге барған адам біледі, минадан соғыс даласын тазарту деген өлімге бірінші жақын болу деген сөз. Бұл соғыстағы ең қауіпті тапсырма. Әлиакбар майдан даласында жүргенде аяқ астынан қазір шабуылға шығасыңдар деген бұйрықпен барлығы пырдай болып шабуылға шығады. Даланың орта кезіне барған кезде немістің взводы бұларға қарай оқты қарша боратады. Баудай түсіп қырыла бастайды. Жұртпен бірге басын сауғалап Әлиакбар да қаша жөнеледі. Жүгіріп келе жатса екі-үш жауынгер кішкенен шұңқырға бастарын тығып құлап жатқанын көреді де өзі соларға қарай құлай кетеді.
  • Бір кезде арқам дыз етті. Атыс тоқтаған соң аман қалған жауынгерлер қашып штабқа келдік. Алдымыздан шыққан комбатальон маған келіп «сатқын екенсін» деп пистолетімен бір ұрды. Жағым сынып кетті. «Ертең атыласың» деп гупбақтыға қамап тастады. Таңертең ажал күтіп тұрғанын ойлап жылай бердім. Сөйтіп жатып ұйқыға кетіппін. Есіктің тарсылынан шошып ояндым. Келіп тұрған солдат «марш, штабқа!» деді. «Жазған құлда шаршау жоқ» деп штабқа қарай асықтым. Барсам дивизия командирі мен РАкасовский екеуі отыр екен. Қолымды шекемен қойып, сіздің бұйрығыңызбен келіп тұрмын дедім. Мені меңзеп, «он» деп Рокосвскийге қарады. Ол маған «марш, Москваға!  Офицерлік оқуға барасың деді. қуанышым қойныма сыймай Москва қайдасың деп тарттым, – деп өзі айтып отырушы еді.
Москвада алты ай оқып, офицерлік дәреже алған Әлиакбар  Сағындықұлы қайтадан соғыс даласына аттанады.
Әлекеңнің қанша қалада, қанша ауылда мина іздеп жүрген екі аяғының ізі қалды десеңші. Неше жыл, неше ай, неше күн жүргеніе бір Алла білсін. Сол жүрістен танбай Берлинге де жетті. Жеңіс тойын да тойлады.
Осылайша Берлинге жаяу барған қазақ 1946 жылы күзде аман-сау елге оралды. Германия мен Англияның ортасындағы застованың бастығы болып тұрған жерінен демалысқа келген Ә.Монтаевты кейіннен қайта шақырды. Алайда, ауылдағы кемпір-шалға қарайлап шақыртудан бас тартты.
Елге келген соң Гигант колхозындағы мектепке денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып  жұмысқа орналасты. Кейіннен 1 мамыр, одан соң Қызыл ту колхоздарындағы мектепте қызмет етті. 1959 жылы Қызыл ту ауылдық мектебі директорының орынбасары, 1964 жылдан зейнет жасына дейін осы мктепті директоры болып жұмыс жасады. Осы жылдар ішінде Әлиакбар Монтаев елдің қадірлі қариясы, абыройлы ұстаз бола білді.
Бүгінде қанша жыл жасаған еңбегі ескеріліп, Ы.Жақаев ауылындағы №149 мектепке осы кісінің аты берілген.
Жұмабек АЙТБАЙТЕГІ,
Шиелі ауданының құрметті азаматы
04 желтоқсан 2018 ж. 2 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930