Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың байырғы салмақ өлшемдері

Қазақтың байырғы салмақ өлшемдері

Қоршаған ортаны сандар ортасы десек, әр халық сол сандық өлшемді өзінше түсінген. Қазіргі халықаралық стандарт өлшемдер (кг, метр, тонна, т.б.) жоқ кезде әлем жұрты салмақ, көлем мөлшерін таным бірліктері арқылы таныған. Ендеше қазақ халқы салмақты қалай өлшеген екен?

Қадақ — Шығыс елдерінде көп қолданылған салмақ өлшемі. Қадақ ескіліктегі жазбаларда жиі ұшырасады. Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Ол 200 грамға тең. Кейбір мәліметтер бойынша, қадақтың мынадай түрлері болған: Дешті Жұма қаласында — 317 г, Қаратегін қаласында — 634 г, Қаттақорған қаласында — 409, 512 г.

Батпан — салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар. XIX ғасырларда Ташкент, Шымкент қалаларында бір батпан 10,5 пұт, яғни 171,99 кг, Әулиеатада 12 пұтқа тең келген, яғни — 196,56 кг-ды құрайды.
Мысқал — 25 грамға тең салмақ өлшемі (бір қадақта 96 мысқал бар).

Шөкім — бес саусақтың шөкіміне іліккен заттың өлшемі.

Пұт — салмағы 16 килограмға тең ауырлық өлшемі. 1 пұт — 40 қадақ.

Қолтық — кісі қолын бүгіп бүйіріне жеткізгенде қолтығының астына сыятындай көлем.

Шымшым— ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.

Қос уыс — қос қолдың алақанын біріктіре қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.

Уыс — қолдың алақанын қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі.


https://massaget.kz​​​






04 желтоқсан 2021 ж. 8 735 0