САУСАҚ ӨЛШЕМІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Өмірде жүзік тағып көрмеген, сақина тағуды ұнатпайтын адам болаңыз да, күндердің күнінде жүзік тағуға тура келеді, ол – неке жүзігі. Неке жүзігін таңдар кезде оның өлшемі саусақ өлшемімен тура келуін қадағалаған жөн. Шамамен ала салсаңыз, артық мәселе туындауы мүмкін. Қандай жағдай болса да, адам өз саусағының өлшемін біліп жүргені жөн.
Саусақ өлшемін анықтау үшін кез келген жіп не сол тәріздес жіңішке нәрсені алыңыз. Саусақты айналдыра жанастырып, түйіскен ұшын белгілеңіз. Сызғыш не метрлік өлшегіш үстіне қойып, белгіленген кесінді неше миллиметр екенін анықтаңыз.
47-48 мм болса, саусақ өлшемі – 15;
48-49 мм – 15,5;
49-50 мм – 16;
50-52 мм – 16,5;
52-53 мм – 17;
53-55 мм – 17,5;
55-56 мм – 18;
56-58 мм – 18,5;
58-59 мм – 19;
59-61 мм – 19,5;
61-63 мм – 20.
Саусақты мынадай жағдайларда өлшемеген дұрыс:
- таңертеңгілік мезгілде;
- спортпен айналысып болған соң;
- ауа райы тым ыстық не суық кезде.
Мұндай кездерде саусақ өлшемі құбылмалы болады да, нақты мөлшерді ала алмауыңыз ықтимал.
Дереккөз: Reactor