Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Неке жүзігін оң немесе сол қолға тағудың сыры

Неке жүзігін оң немесе сол қолға тағудың сыры

 

 Жас жұбайлардың неке жүзігін тағу салты ертеден басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. 
Тарихына үңілсек мұндай салт ерте заманда сонау Мысыр елінде пайда болған деседі. Дегенмен бүгінде неке жүзігін әр ұлт өз танымына қарай, әрқилы тағады. Бірі – оң қолына, бірі – сол қолына. Мұның сыры неде екен?
  Жүзікті аты жоқ саусаққа (қазақ танымындағы шылдыр шүмек) тағу – ежелде римдіктер мен мысырлықтардан басталған. Олар осы саусақта жүрекпен тікелей байланысты жүйке мен вена қантамырлары барын білген. Сол арқылы жастардың отбасы құрғанын, тұрмысқа шыққан-шықпағанын білетін болған.
  Неке жүзігін оң қолға (аты жоқ саусақ) тағуды ежелгі римдіктер қолдаған. Олардың танымында сол қол бақытсыздық пен сенімсіздік нышаны саналған. Үндістанда да ертеректе неке жүзігін тек оң қолға тағатын болған. Сол қолды олар «таза» деп санаймайды екен. Ал бүгінде олар оң қолға да, сол қолға да таға береді.
   Германия мен Нидерланд елдерінде ғашықтар неке жүзігін алтыннан жасайды. Шаңырақ көтергенше сол қолына, отбасы болғаннан кейін оң қолына тағады. Бұл – олардың әлеуметтік мәртебесі өзгергенін аңғартады.
  Еуропа елдеріндегі салт бойынша күйеуі неке жүзігін әйелінің оң қолындағы аты жоқ саусаққа тағады. Сол қолдың саусағына тағатын елдер де бар.

massaget.kz
04 наурыз 2019 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам