Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 жылдан кейін «Ақтөбе» хоккей клубы қайта құрылды

28 жылдан кейін «Ақтөбе» хоккей клубы қайта құрылды




   Ақтөбе спорт тарихында 28 жыл өткен соң өңірінде кәсіпқой хоккей командасы қайта құрылды, деп  хабарлайды Baq.kz агенттігі Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстандық хоккей федерациясының бастамасымен құрылған «Ақтөбе» ХК командасы 7-8 қазан аралығында өз жерінде республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуында алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы ойында «Ақтөбе» хоккей клубы петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы матчта ойнайды.
«Енді бізде хоккей клубы бар. Бұл спорт түрінің қайта жандануы, аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығының одан әрі арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, клубтың бас бапкері - словакиялық Юлиус Пензес. Бұған дейін «Ертіс» командасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта, Ақтөбе өңіріне шақыртылып, өзінің жұмысын бастап кетті», - дейді Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.
Айта кетейік, 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуы Ақтөбеде жаңадан бой көтген Мұз сарайында өтеді.
07 қазан 2018 ж. 1 135 0