Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады

Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады

Бұдан бөлек жабық спорт кешені мен 24 хоккей кортының құрылысы басталады. «Бақытты бала» жобасы аясында салынатын нысандардың құрылысына жергілікті қазынадан 385 млн теңге бөлінді. 2018 жыл өңірде балалар жылы болып жарияланған еді. Мүмкіндігі шектеулі жүздеген бала Оңтүстік Корея мен Түркияның үздік клиникаларында ем қабылдайтын болды. Одан бөлек әлеуметтік жоба аясында 118 мың бала жазғы демалыспен қамтылды. 10 мың оқушы Қазақстанның киелі жерлерін  аралап келді. Жүз бала көршілес Орынбор облысы мен Татарстанның  емдеу-сауықтыру кешендерінде демалды. Облыстағы бірнеше мектепке «Балалар IT-әлемі» жобасын енгізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 20 мектепте интерактивтік сыныптар ашылды. Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары: - Бізде робототехника кабинеттері, ультрақысқа дыбысты проекторлар, осы 20 мектепті қамтамасыз етеміз қазіргі таңда. 20 мектептің 12-сі аудандық білім бөлімдеріне қарайды. Қалған сегізі Ақтөбе қаласында. Сонымен қатар, жалпы кедергісіз білім беру блогы бойынша айтсам, бағыты бойынша қазіргі таңдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған түрлі білім беру мекемелері ашылуда.

24.kz

15 тамыз 2018 ж. 1 703 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031