Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалі өтеді

Ақтөбеде «Ұлы Дала рухы» фестивалі өтеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбедегі орталық ипподромда «Ұлы Дала рухы» ұлттық спорт түрлері фестивалінің іріктеу сатысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және   дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы Қарлығаш Рамазанова айтты. Шілденің 27-сі мен 29 аралығында республикалық спорттық іс-шара аясында орталық ипподромда және «Жекпе-жек сарайы» кешенінде бірқатар жарыстар өтеді. «Оларға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының командалары, барлығы 160 спортшы қатысады. Олар үш күн бойына көкпар тартудан, қазақша күрестен, тоғыз құмалақтан, асық атудан жарысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кубоктарымен және медальдарымен марапатталады», - деді Министрлік өкілі. 20-22 шілдеде Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында аударыспақтан, жамбы атудан, теңге ілуден жарыстар өткенін айта кетейік. Аударыспақтан 5 салмақ дәрежесі бойынша күштіні анықтауға 20 спортшы таласты, сондай-ақ, ең мерген спортшы мен теңге ілудің үздігі таңдалынды. Астанада өткен ойындар қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы жамбы атудан 1-ші орын алғанын мақтанышпен айта кетейік.

inform.kz
27 шілде 2018 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031