Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіске деген жігер: зілтеміршілер бәсекесі басталды

Жеңіске деген жігер: зілтеміршілер бәсекесі басталды

Шиеліде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир басталды.
Ашылу салтанатына Шиелі аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөілімінің басшысы Беркінбай Ермағанбетов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Вилорий Викторович қытысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алғаш болып сөз алған аудандық қоғамдық даму бөілімінің басшысы Кенжехан Шикизатұлы қатысушы жас зілтеміршілерге жетістікке жетуге деген талпынысты Ыбырай Жақаев атамыздан үйрену керектігін тілге тиек етті.
– Баршаңызды Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, түрлі мәдени және спорттық іс-шара жоспары жасалып, талаптарға сай аталып өтілуде. Міне, осындай жоспарға негізделген іс-шаралардың бірі жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир. Тағы бір айта кетерлігі, ауданда спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесінде шиелілік ауыр атлетшілер Әлем, Азия біріншіліктерінде топ жарып, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді, – деді ол.
Сонан соң спорт саласының ардагерлері Пак Вилорий, Қалдыбай Тоқбаев, Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Замарбек Сағыновқа Ы.Жақаевтың естелік медальдары табыс етілді.
Еңбектегі қаһармандығы үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949 және 1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ыбырай атамыз сонымен қатар, 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің үш мәрте депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының мүшесі болды, 4 рет «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4 алтын медалімен марапатталды.
– Бұл жарыстың басты мақсаты – өңірде ауыр атлетика спортын кеңінен дамыту, ­жастарды салауатты өмір салтына баулу және болашақта республикалық әрі халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды даярлау, – дейді Шиелі аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Беркінбай Ермағанбетов.
Биыл үшінші рет бұл республикалық додаға еліміздің 10 облысынан және Қырғызстан ­Республикасынан 11 салмақ дәрежесінде, 150-ден астам ауыр атлетшілер қатысып, бақ сынамақ.

М.ИБРАГИМОВ
05 мамыр 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031