Ы.Жақаев атындағы жарыс

– Баршаңызды Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы Республикалық турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Биыл Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, талаптарға сай аталып өтілуде. Міне, осындай жоспарға негізделген іс-шаралардың бірі жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир. Тағы бір айта кетерлігі, ауданымызда спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесінде шиелілік ауыр атлетшілер Асылжан Бектай, Айзада Мүптілда, Айсамал Сансызбаева секілді батыр ұл-қыздарымыз әлем, Азия біріншіліктерінде топ жарып, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді, – деді Б.Ысмағұлов.
Сондай-ақ, турнирде күріш атасы Ыбырай Жақаевтың ұлы Сейітбек Жақай сөз алып, қатысушы жасөспірім зілтеміршілерге сәттілік тілеп, «Ыбырай Жақаев аталарыңдай елге сыйлы азамат болыңдар», деп тілек білдірді.
Айта кетейік, бүгінгі турнирге еліміздің 5 облысынан және Қызылорда облысына қарасты аудандардан 100-ден астам жас атлетшілер келіп қатысуда.
«Өскен өңір» ақпарат