Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Өткен апта аяғында кәсіби спортшылар күні мерекесі күні қарасаңында ­аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов бірқатар аудан спортшылары мен ардагерлерін қабылдады.
Қабылдауға аудандық спорт бөлімінің басшысы Нариман Сапарбай және облыстық, республикалық, әлемдік додаларда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген бірқатар аудан спортшылары қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов аудан спортшыларын кәсіби меркесімен құттықтап, спорт саласының дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлер мен спортшыларды аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлының алғыс хатымен марапаттады.
– Биылғы жылы спортшыларымызға қолайлы жағдай жасап, бұқаралық және кәсіби спортты одан әрі дамыту мақсатында аймақ басшысының қолдауымен бюджеттен барлығы 1 млрд теңге жуық қаражат бөлініп отыр. Жаңадан Шиелі кентінен заманауи талаптарға сәйкес 180 орындық спорт сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алып, Көкшоқы мөлтек ауданында спорт кешенінің және Балаби ауылындағы спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – өз кезегінде спортшыларымыздың еркін түрде спортпен айналысып, әлемдік аренада биік белестерді бағындырып, еліміздің көк туын желбіретуге үлкен мүмкін беретін болады, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Аудан спортшыларының халықаралық аренадағы жетістіктері де жетерлік. Мәселен, Айсамал Сансызбаева 20 жасқа дейінгі жастар қатарында күміс жүлдегер атанып, екі дүркін азия чемпионы атанса, таеквондодан Қапанова Ботакөз азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Ислам ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлетикадан аудан мақтаныштары жерлестеріміз Айзада Мүптілда чемпион атанып, Бектай Асылжан қола жүлдеге ие болды.

Р.ӘНӘПИЯ
23 тамыз 2022 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930