Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Толағайлар тартысы

Толағайлар тартысы


Қазақта тау көтерген толағайлар көп болған. Кешегі өткен батырлар мен балуандардың барлығы алапат күш иелері екендіктері айқын. Мәселен, бір ғана Қажымұқанның өзі жер-жерді аралап өнер көрсетіп жүрген кезінде ... пұт зіл батпанды бойынан асырып көтергендігі, қақаған қыста зорығып мертікке атын жалғыз өзі арбасына артып, сонау жердегі ауылына сүйреп келгені жайлы біз тарихтан жақсы белеміз. Міне, осындай толағайлардың ұрпақтары елімізде жалғасын тауып, халықаралық, әлемдік байрақты бәсекелерде зіл темірді басынан асыра көтеріп, Ұлы дала елінің атын жаһанға танытып жүрген жас ауыр атлеттеріміз де жоқ емес.

Иә, қазір қазақ зілтеміршілерімен әлем санасады. Олимпадада спорттың осы түрінен саңлақтарымыз олжа салып, қоржынымыз құр қайтқан емес. Бұл дегеніңіз елімізде ауыр атлетика мектебінің қалыптасқанын, аталған спорт түрі бойынша жүйелі жұмыстардың жасалып жатқанын білдіреді. Міне, сондай жас ауыр атлеттердің бағын сынап, үлкен аренаға бейімделуге үйрететін турнирлер де өңірде жиі болып тұрады. Осындай шараның бірі өткен аптада аудандық спорт мектебінде өтті. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаев атындағы ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұл және қыздар арасындағы республикалық турнирге қырғыз елінің сенімін арқалай келген спортшылар мен еліміздің 9 облысынан 100-ге жуық жас зіл теміршілері қатысты. Бел мен білектің, ерлік пен ептіліктің, намыс пен жігердің сынға түскен толағайлар арасындағы жарыс өте тартысты һәм қызықты болды. Дүбірлі додаға келген спортшыларды қайсысы болсын түрлі жарыстарда жүлделі орын алған, еліміздің чемпиондары, құрлықтық бәскелердің бәрінде алдыңғы қатардан көрініп жүргендер. Сонымен, тартысқа толы турнирде аудан атынан сынға түскен Бектай Асылжан серпе көтеруден 130, жұлқа көтеруден 155 келіні көтеріп, қос шарт бойынша 285 кг зілтемірді бағындырды. Осылайша, турнирге қатысушы 81 кг салмақ бойынша 1 орынды иеленді. Одан бөлек, 61 келіде ұлдар арасындағы сайыста Мәди Пернебекұлы (91+120=211) 3 орын, 67 келіде Нұрсұлтан Омаров (107+138=245) 1 орындарды жеңіп алды.

Елдос Жүсіп.
23 сәуір 2019 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930