Шиеліде күрестен республикалық турнир өтті
Өткен аптаның демалыс күндері Шиелі ауданында күрестен Бала би баба атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов қатысып, сөз сөйледі.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Ахатов қатысып, сөз сөйледі.
– Бүгінде ауданда қазақ күресімен 1000-ға жуық палуандар мен жаттықтырушылар жұмыс жасауда. Ауданымызда жас спортшыларды қолдау мақсатында жыл сайын республикалық деңгейде турнирлер өткізіліп келеді. Спорттық сайыстардың жүйелі ұйымдастырылуының нәтижесінде аудан спортшылары Қазақстан чемпионаттарында, азия, және әлем біріншіліктерінде ел намысын асқақтатуда. Бүгінгі спорттық шараның ұйымдастырылуына бастамашыл болып, демеушілік көрсетіп жүрген Шиелі ауданның «Құрметті азаматы» Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлына және барлық команда жетекшілеріне алғысымызды білдіремін. Қазақ күресінен Бала би атындағы жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған Республикалық турнирді ашық деп жариялаймын, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде 11-ші мәрте өткізілген турнирге еліміздің 10 облысынан 200-ден астам жас палуан қатысып, өз салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарынды сарапқа салды. Ал Шиелі ауданының намысын 46 кг салмақта – Диас Маратұлы, 38 кг салмақта – Пәтта Илияс сынды бірқатар жас палуандар қорғады.
Рамазан ӘНӘПИЯ