Тұлға атындағы турнир
Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына қарсаңында ауданымызда М.Шоқай атындағы қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Биыл 13-ші мәрте ұйымдастырылыр отырған турнирге еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден аса балуандар 9 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салмақ. Мақсаты - ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы 16 желтоқсан Қазақстан Ресубликасының Тәуелсіздік күніне арналған қазақ күресінен республикалық турнирдің ашылуымен құттықтап, балуандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республкасына Еңбегі Сіңген жаттықтырушы Марат Жақыт өз лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
Аудан көлемінде аталған спорт түрін кеңінен насихаттап, оған жасөспірімдер мен жастарды көбірек тарту мақсатында биылғы жылы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы 110 аудандық, 12 облыстық, 6 республикалық жарыс өткізілді.Дүбірлі додаға келген палуандардың қай-қайсысы болсын түрлі жарыстарда жүлделі орын алған, еліміздің чемпиондары, құрлықтық бәскелердің бәрінде алдыңғы қатардан көрінгендер.
Дина ЖҮСІПОВА.