Балуандар белдесті
Сәрсенбі күні орталық спорт кешенінде Бала би атындағы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Турнирге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аруна Өркенқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев қатысты.
Турнирге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аруна Өркенқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев қатысты.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов сөз алып, турнирге қатысушы спортшыларға ақжарма тілегін білдірді.
– Бүгінде ауданда қазақ күресімен 1000-ға жуық балуандар айналысады. Ауданда жас спортшыларды қолдау мақсатында жыл сайын республикалық деңгейде турнирлер өткізіліп келеді. Спорттық сайыстардың жүйелі ұйымдастырылуының нәтижесінде аудан спортшылары Қазақстан чемпионаттарында, азия, және әлем біріншіліктерінде ел намысын асқақтатуда. Бүгінгі спорттық шараның ұйымдастырылуына бастамашыл болып, демеушілік көрсетіп жүрген Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Темірхан Мәлікұлына және барлық команда жетекшілеріне алғысымызды білдіремін. Қазақ күресінен Бала би атындағы жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған республикалық турнирді ашық деп жариялаймын, – деді.
Айта кетейік, дәстүрлі түрде 12 мәрте өткізілген турнирге еліміздің 10 облысынан 200-ден астам жас балуан қатысып, өз салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салып, бақ сынасты.
Дархан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ