Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС ТОЛАҒАЙЛАР ТАРТЫСЫ

ЖАС ТОЛАҒАЙЛАР ТАРТЫСЫ

Ауыр атлетика – табандылық пен қажырлықты талап етеді. Ал қазір қазақ зілтеміршілері жарап тұр. Олар олимпиадада спорттың осы түрінен олжа салып, қоржыны құр қайтқан емес. Бұл дегеніміз елімізде ауыр атлетика мектебінің жүйелі жұмыс істеп жатқанын білдіреді. Тіпті жас ауыр атлеттерді аренаға бейімделуге үйрететін турнирлер де өңірде жиі болып тұратыны рас. Сол айтулы шаралардың қатарына сейсенбі күні бастау алған ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұл және қыздар арасында өткен тартысты бәсекені жатқызуымызға болады.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, қатысушы жас зілтеміршілерге жетістікке жетуге деген талпынысты Ыбырай Жақаев атамыздан үйрену керектігін айтып, жас өрендерге сәттілік тіледі.
– Баршаңызды Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы Республикалық турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, талаптарға сай аталып өтілуде. Міне, осындай жоспарға негізделген ісшаралардың бірі дәстүрлі түрде өтетін Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир. Тағы бір айта кетерлігі, ауданда спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесінде шиелілік ауыр атлетшілер Асылжан Бектай, Айзада Мүптілда, Айсамал Сансызбаева секілді батыр ұл-қыздарымыз әлем, Азия біріншіліктерінде топ жарып, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді, – деді ол.
Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет», «Парасат» орден иегері, Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» Вилорий Пак та ауыр атлеттерге ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді. Аталған республикалық турнирге қырғыз елінің сенімін арқалай келген спортшылар мен еліміздің 8 облысынан 100-ге жуық жас зіл теміршілері қатысты. Бел мен білектің, ерлік пен ептіліктің, намыс пен жігер сынға түскен толағайлар арасындағы жарыс өте қызықты һәм тартысты болды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ


01 маусым 2024 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930