Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде Ыбырай Жақаев атындағы жарыс өтті

Шиеліде Ыбырай Жақаев атындағы жарыс өтті



Өткен аптада Шиелі кентінің орталық спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі жасөспірім зілтеміршілер арасында республикалық турнир өтті.

Турнирді Шиелі аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов ашып берді.

«Шиелі ауданында бұқара¬лық спортты дамыту мақсатында, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, талаптарға сай өтіп келеді. Осындай жоспарға негізделген іс-шаралардың бірі – жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир. Бүгінде ауданымызда спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесінде шиелілік ауыр атлетшілер Асылжан Бектай, Айзада Мүптілда, Айсамал Сансызбаева сынды батыр ұл-қыздарымыз әлем біріншілігінде топ жарып, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын ауданның атын асқақтатып келеді», – деді Болат Ысмағұлов. 

Айта кетейік, турнирге еліміздің 8 облысынан және Қырғызстан мемлекетінен ұлдар мен қыздар арасында 15 саламақ дәрежесі бойынша 100-ден астам ауыр атлетшілер қатысып, бақ сынасты.

Сонымен қатар турнирде күріш атасы Ыбырай Жақаевтың ұлы Сейітбек Жақай сөз алып, қатысушы жасөспірім зілтеміршілерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Турнир соңында қатысушы зілтеміршілерге бағалы сыйлықтар табыстап, жеңімпаздарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. 
10 мамыр 2023 ж. 316 0