Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасындағы тартысты ойын

Ардагерлер арасындағы тартысты ойын

Шиелі кентінің «Азамат» үстел теннисі клубында тәуелсіздік күніне орай спорттық сайыс өтті. Оған 50 жастан асқан ардагерлер қатысты.
Сайыста 8 теннисші бақ сынасты. Олардың ең жасы 52 , ал ең үлкені 68 жастағы салауатты өмір салтын ұстанатын ер азаматтар.
Қызықты да тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша ІІІ орынды Сәрсенбек Әбдіхалықов пен Тұрсынбек Данабеков иеленді. ІІ орын №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Ғалым Тәжібаевқа бұйырса, І орынға Сергей Пак шықты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің грамоталары, кубоктары мен медальдары табысталды.
Жалпы ауданда үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Соның бір көрсеткіші – спорт үйірмелерінде және клубтарда 200-ден аса оқушылар, жастар және ардагерлер осы спорт түрімен тұрақты түрде айналысып жүр.

Айдар Бақытжанұлы,
сурет автордікі
22 желтоқсан 2025 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728