Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ

«Қазатомөнеркәсіпке» қарасты №6 кен басқармасында салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық беріледі. Атап айтсақ, жыл сайын бөлімшелер мен қызметкерлер арасында спорттың әр түрінен турнирлер өткізіліп тұрады. Жақында Көкшоқы шағын ауданындағы «Шиелі» спорт клубының ойын залында волейболдан тартысты жарыс өтті. Спорттық сайыс мекемеде көптеген жылдар бойы жемісті қызмет атқарып, зор абыройға ие болған Бауыржан Төлепбергеновтің зейнетке шығуына орай ұйымдастырылды. Айта кету керек, Б.Мырзақасымұлы кәсіпорынның волейбол командасының белді мүшесі. Жыл сайын өтетін Қазатомөнеркәсіп спартакиадасына 18 рет қатысқан ойыншы. Жарыс барысына келсек, оған мекеменің әртүрлі бөлімшесінен бес команда қатысты. Тартысты ойындар нәтижесінде Қарамұрын кенішінің УГП-2 командасы үшінші орын, екінші орын УГП-1 командасы, ал бірінші орынды УРВР бөлімшесі иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сонымен қатар үздік ойыншыларға кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Жарысқа қаржылай қолдауды Нұрлан Халық төрағалық ететін Қазатомөнеркәсіп қызметкеркерлерінің «ОПРАП-Шиелі» салалық кәсіподағы көрсетті.

Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ,
сурет автордікі
25 қараша 2025 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031