Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпке үлгі боларлықтай игілікті іс-шара

Көпке үлгі боларлықтай игілікті іс-шара


5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, №6 кен басқармасы, Шиелі кентінің «Көкшоқы»мөлтек ауданындағы «Шиелі» спорт клубының стадионында, көпке үлгі боларлықтай игілікті іс-шара ұйымдастырды.
Мекеменің Серік Оспанов басқаратын еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау басқармасы мамандары ұйытқы болуымен, кіші футболдан қызықты турнир болып өтті.
Спорт жанкүйерлеріне тамаша көңіл-күй сыйлаған тартысты кездесулер нәтижесінде, үшінші орынды басқарма аппараты, екінші орынды УРВР (жер асты жөндеу және қалпына келтіру учаскесі), ал бірінші орынды УППР (өнімді ерітінділерді өңдеу учаскесі) иеленді
Жарысқа жоғарыда айтылған командалардан бөлек УГП-1, УГП-2,«ИВТ Зерде» командалары қатысты.
Жарыс жеңімпазы, жүлдегерлері мен спорттық шараға белсене қатысқан барлық аяқдопшыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтылды.
Мақсұт Ибрашев.
Сурет автордікі.
09 маусым 2018 ж. 1 693 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930