Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарақатынан айыққан Неймар ұлттық құрама сапына қосылды

Жарақатынан айыққан Неймар ұлттық құрама сапына қосылды


Бразилия құрамасы әлем чемпионатындағы алтыншы алтынды ұтып алудан дәмелі. Тите шәкірттерінің көңіл-күйі жақсы. Ең бастысы команданың жұлдызы Неймар қатарға қосылды. ПСЖ клубының шабуылшысы ақпан айында жарақаттанып қалған еді. Араға жүз күн салып, Бразилияның басты үміті құрама сапындағы өнерімен жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Кеше Бразилия Ливерпульдегі «Энфильд» стадионында Хорватиямен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен басым түскен болатын. Екінші таймда алаңға шыққан Неймар есеп ашып, артынша «Ливерпуль» командасының футболшысы Фирмину өзіне жақсы таныс стадионда мергендік танытты. Әлемнің бес дүркін чемпиондары Ресейге аттанар алдында Вена қаласында Австриямен шеберлік байқасады. Ойын 10 маусымда өтеді. Бразилия әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Швейцария, Коста-Рика және Сербиямен ойнайтынын айта кетейік.

24.kz
04 маусым 2018 ж. 686 0