Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢ ТИТУЛДЫ ОЙЫНШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ

ЕҢ ТИТУЛДЫ ОЙЫНШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ


Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының қорғаушысы  Дани Алвес жарақатына байланысты 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды. Бұл туралы Бразилия футбол федерациясының ресми сайтында хабарланды.
Футболшы Франция кубогының финалында «Лез Эрбье» клубына қарсы өткізген ойын кезінде тізе буынын ауыр жаралап алған. Аталған ойында париждік клуб 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Франция кубогын төбелеріне көтерген болатын. Алвестің жарақаты жазылуы үшін жарты жылға уақыт қажет болуы мүмкін.
Франция кубогы – Алвестің карьерасындағы 38- трофей. Наурыз айында Лига Кубогын жеңіп алғаннан кейін ол футбол тарихындағы ең титулды ойыншы атағына қол жеткізген еді. Бұл орайда Алвес британиялық Кенни Далглиш пен Райан Гигзді басып озды. Бұл екеуі футболдық мансаптарында 35 рет өз командаларымен үздік атанған.
Алвес Бразилия құрамасының сапында 2006 жылдан бері ойнайды. Сол уақыттан бері ол  107 матчқа қатысп, құрамамен бірге Америка Кубогы мен екі рет Конфедерация Кубогын жеңіп алды. Қазір футболшының жасы 35-те.
Еске салайық, футболдан әлем чемпионаты биыл Ресейдің 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Бразилия құрамасы өз тобында Коста-Рика, Сербия және Швейцария құрамаларымен күш сынасады.
Абай Аймағамбет
14 мамыр 2018 ж. 1 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930