Бразилия құрамасының футболшыларына әлем чемпионатының жеңісі үшін 1 млн доллар сыйақы беріледі
Бразилия құрамасының футболшылары 2018 жылғы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатында жеңіске жететін болса, бір миллион доллар сыйақы алады, деп хабарлайды «Р-Спорт» порталы Folha de S.Paulo басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметі бойынша, мұндай сыйақыны Бразилия құрамасының бас бапкері Тите мен оның көмекшілері алады. Ал Бразилия құрамасының делегациясы шамалы азырақ сыйақы алады. Материалда Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) 2014 жылғы әлем чемпионатында 35 миллион доллар сыйақы дайындап қойған. Бірақ ол кезде Бразилия құрамасы төртінші орын алып қалды. Ал 2002 жылы Бразилия құрамасымен бірге топ жарған Луис Фелипе Сколари 100 мың доллар көлемінде сыйақы алған. Айта кетейік, алдағы әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен бір топта ойнайды.
24.kz