Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бразилия жеңіске жетсе, әр футболшы рекордтық мөшерде сыйақы алмақ

Бразилия жеңіске жетсе, әр футболшы рекордтық мөшерде сыйақы алмақ

Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) биыл Ресейде өтетін Әлем чемпионатында жеңіске жетсе, әрбір футболшыға 1 млн доллар мөлшерінде сыйақы беруге уәде етіп отыр, деп жазады Бразилияның Folha de S.Paulo газеті.
Бразилия ұлттық құрамасы бапкерлер штабының да әрбір мүшесіне осынша сыйақы беріледі.
Әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен құрамалар мұндай соманы бұрын-соңды көрген емес. 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде чемпион болған әйгілі құраманың әрбір ойыншысына бұдан бес есе аз сыйақы төленген болатын.
CBF 2014 жылы өз алаңдарында өткен мундиальдағы жеңіс үшін ойыншылар мен бапкерлерге жалпы 35 млн доллар уәде еткен. Алайда жартылай финалда Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия құрамасы қола медаль үшін ойында Голландияға да жол берген (0:3) болатын.
28 мамыр 2018 ж. 306 0

Соңғы жаңалықтар

Сайтан неге адамға өш?

Сайтан неге адамға өш?

15 қараша 2019 ж.
Ажал аяқ астында

Ажал аяқ астында

15 қараша 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (8740)

15 қараша 2019 ж.

№88 (8739)

12 қараша 2019 ж.

№87 (8738)

08 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам