Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҒЫ ЖАНҒАНДАР: БЕСІНШІ БӘЙГЕ. ТӨРТІНШІ ЖЕҢІС.

БАҒЫ ЖАНҒАНДАР: БЕСІНШІ БӘЙГЕ. ТӨРТІНШІ ЖЕҢІС.


Барыстардың бабы сыналатын, жеңгендерінің бағы жанатын үш үлкен жарыс белгілі. Олар: республикалық деңгейде өткізілетін көпшіліктің сүйікті турниріне айналған «Қазақстан барысы», Әлем чемпионаты форматында өткізілетін «Әлем барысы» және Әлем кубогы ретінде белгілі «Еуразия барысы». Әңгіме осылардың ішіндегі соңғысы, яғни Әлем кубогы жөнінде болмақ. Аты айтып тұрғандай, әлемнің атақты балуандарының басын қосатын жарысқа биыл сегіз мемлекеттің мықтылары келді. Нәтижесінде, еліміздің ұлттық құрамасы төртінші рет бас бәйге иегерлері атанды. 

Дәстүрлі дода осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бастапқы үш жылда Тараз төрінде өткізілген турнир соңғы екі жылда оңтүстік астанаға ауысты. Алматы аренаға жиылған күрес сүйер қауымның қолдауы барыстарға сезілген болуы керек. Өйткені ақтық мәреге қазақстандық қос құрама шықты: еліміздің ұлттық құрамасы мен Алматы қаласының командасы. Жарысқа сегіз мемлекеттің мерейін үстеметуді мақсат еткен 70 балуан қатысты. Оның ішінде бұл жарыстың барысынан хабардар, қазақ күресінен тәжірибесі бар Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия сынды алпауыттар келді. Сонымен қатар тұңғыш рет бақсынауға келген Жапония, Камерун, Бразилия елдерінің барыстарын да дебюттарымен құттықтаса болады. «Еуразия барысының» тарихына көз жүгіртсек, тек біррет қана, дәлірек айтқанда, 2014 жылы Таразда Моңғолия құрамасынан жеңіліп, күміс тайқазан иеленген болатын.
Турнир әр жылдары Украина, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Польшадан келген спортшылардың да басын қосқан еді. Бірбайқағанымыз, қазақ күресінің аясы әр турнир сайын кеңейіп, жаңа мемлекеттер қосылуда. Ол да болса, басты мақсатқа бір табан жақындай түскенімізді аңғартқандай. Турнир туралы толығырақ айта кетейік. Финалға екі қазақ құрамасы жолдамаалды. Жеңіске жетер жолда ұлттық құрама алғашқы болып Моңғолия балуандарымен белдесті. Шыны керек, өзге қарсыластардан гөрі «азуы мықты» командамен алғашқы айналымда кездесуі Қазақстан құрамасының келесі кезеңдерге деген сенімін нығайтқан секілді. Кейіннен Жапония құрамасын таза жеңіп, ақтық мәреге шықты. Алматы құрамасы болса, Грузия мен Өзбекстан балуандарынан басым түсті. Екеу ара белдесу 4:4 есебімен аяқталды. Жеңімпазды анықтау үшін барлық ұпайлар қосылып, ұлттық құраманың еншісіне бас жүлде бұйырды. Қос финалистен жеңілген жапон және өзбек спортшылары өзара кездесіп, қола жүлдегерді анықтады. Нәтижесінде, 6:2 есебімен Өзбекстанның еншісіне қола тайқазанбұйырды.
Жарыстың қомақты жүлде қоры үшін-ақ барыңды салып белдесуге болады. Өйткені бірінші орынға–10 млн теңге, екінші орынға – 6 млн теңге, үшінші орынға – 4 млн теңге берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, грек-рим күресінің Олимпиада чемпионы, күні кеше «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген ЖақсылықҮшкемпіров пен «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев марапаттады.
Жадыра АҚҚАЙЫР
25 желтоқсан 2017 ж. 1 358 0