Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт – ұлт саулығының кепілі

Спорт – ұлт саулығының кепілі

Медициналық терминдерге немесе ғалымдар сөзіне жүгінбей-ақ, қазақ атамыздың «бірінші байлық – денсаулық» деуінің мәні зор. Себебі әр адамның денсаулығына мән бермеуінің салдарынан ауру-сырқаудың саны артып келеді. Бүгінде адам денсаулығы бүкіл әлемді толғандырып отыр. Денсаулықты сақтаудың оңай, әрі тиімді әдісі уақытылы демалып, тамақтанумен қатар спортпен шұғылдану. Демек, «шынықсаң – шымыр боласың!» – деп те бекерге айтылмаған.
Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.
Ресми деректер балалар мен жасөспірімдердің үштен бірі ғана белсенді өмір салтын ұстанатынын көрсетеді. Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс жастардың 40 пайызы әскери қызметке жарамсыз. Оның үстіне, денсаулық сақтау саласы мамандары кей ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағып жүр.
Сондықтан жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Дене жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік.
Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. «Жас шыбықты қалай исең, солай өседі» демекші, жастарды салауатты өмір салтына баули білсек, болашақ жарқын болмақ. Спорт – бәсеке. Осы бәсекеде тек алғырлар ғана соңына дейін тік тұрады. Үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге баулиды. Тәулік бойы жаттығуды талап етеді. Сол секілді спорттың саясатта да орны бар. Өйткені спорт – бейбітшілік елшісі. Елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын, ұлттар достастығын да анық байқататын осы спорт.
Қуанышымызға орай, Шиелі ауданында спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатын жастар саны біртіндеп артып келеді. Өрендеріміз физикалық және психикалық саулықтың кепілі спортпен жүйелі шұғылдану керек деген идеяны түсінгені, мұның қазіргі тілмен айтсақ, трендте екенін аңғара аламыз.

Әбілсейіт Сәрсенбаев,
№10 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері
18 тамыз 2025 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031