Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ҮЛГІСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ҮЛГІСІ

Шиелі ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні кең көлемде аталып өтіп, мерекеге орай түрлі мазмұндағы шаралар ұйымдастырылды.
Аталған күн аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен спорттық жарыстар, өнер көрсетілімдері мен марапаттау рәсімдері өткізілді.
Шиелі Индустриалды-аграрлық колледжінің алаңында «Спорт – жан серігің» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлер арасында эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды ұлттық және күштік ойын түрлері бойынша бақ сынасты.
Сондай-ақ Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан турнирлер ұйымдастырылып, қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытты.
Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қаблеш Бекіш құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен адал еңбектің қадірі жөнінде тілектерін білдірді.
Мемлекеттік қызметшілер тек қызметте ғана емес, өнер мен спортта да өз қабілеттерін танытты. Жиын барысында олар ән шырқап, флешмоб билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл игі бастама мемлекеттік қызметшілер арасындағы ынтымақты арттырып қана қоймай, сергек өмір салтын қалыптастыруға да оң ықпал етті.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
23 маусым 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

№43 (9310)

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30