
Жақында Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлының қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндірме жиыны өтті. Жиынның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру және қызметтік әдепті қалыптастыру. Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосу барысында қызметтік әдебі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы және моральдық-этикалық нормаларға қатысты мәселелер кеңінен сөз болды. Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен олардың әдебі – мемлекеттік органдарға деген сенімнің негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл «Amanat» партиясының Шиелі аудандық филиалы ғимаратында мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі