Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙСАР-ШИЕЛІ МЕН ОҢТҮСТІК АКАДЕМИЯ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕҢ АЯҚТАЛДЫ

ҚАЙСАР-ШИЕЛІ МЕН ОҢТҮСТІК АКАДЕМИЯ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕҢ АЯҚТАЛДЫ

Кеше Көшоқы кентінде орналасқан футбол алаңында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін Қайсар-Шиелі және Оңтүстік Академия командалары ойын көрсетті.
Ойынға жергілікті команданы қолдап келген жанкүйерлердің қарасы қалың болды. Сондай-ақ, ойынды тамашалау үшін арнайы аудан әкімі Нұржан Ахатов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа және т.б спорт саласының ардагерлері келіп қатысты.
Ысқырық шалынған сәттен бастап қос ұжым кезек-кезек қарымта шабуылдар жасаумен болды. Дегенмен екі ұжымның да сұрмергендері қақпаның кілтін таба алмай, алғашқы 45 минуттық 0-0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін қайта оралған команда ойыншылары алдымен Қайсар-Шиелі командасының қақпасына орнығып, бірнеше қауыпты шабуылдар жасаса, соңғы 10 минутта Қайсар-Шиелі командасы есеп ашатын бірнеше мүмкіндікке ие болды. Алайда, қақпашылар қырағылық танытып, таблода есеп өзгеріссіз қалды. Яғни қос команда бір-бір ұпайдан еншілеп, 0-0 есебімен тең тарқасты.
Айта кетейік, бұл ойын QFL Екінші лигасының маусымашар ойыны болатын. Алдағы уақытта да жергілікті ұжым бірнеше ойындарды осы алаңда өткізетін болады. Сондықтан баршаңызды жерлестерімізді қолдауға шақырамыз!

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
10 сәуір 2024 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031