Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХИ ОЙЫН: ШИЕЛІ ШЫМКЕНТТІ ҰТА АЛА МА?

ТАРИХИ ОЙЫН: ШИЕЛІ ШЫМКЕНТТІ ҰТА АЛА МА?

Биыл тұңғыш рет футболдан Шиелі ауданының «Қайсар Шиелі» командасы Қазақстан чемпионатының екінші лигасында бақ сынап, турнир кестесі бойынша Шымкенттің «Оңтүстік академия» клубын 9 сәуір күні өз алаңында қабылдайды. Санаулы күннен соң Шиеліге табан тірейтін шым қаланың ала доп шеберлері жайлы не білеміз? Тарқатып көрелік.
Оңтүстік Академия футбол клубы – 2018 жылы футболды жанына серік еткен жастар арасынан кіл мықтыларды іріктеп, Шымкент қаласында құрылған. 2018 жылы өткен Қазақстан чемпионатының ІІ лигасында 40 кездесудің 27-сінде жеңіске жетіп, Астана жастар клубынан соң екінші орынды қанжығалаған. Дәл осы чемпионатта үздік өнер көрсетіп, тұғыр биігінен көрінген шымкенттік ойыншыларға, І лигаға жолдама алу мүмкіндігі берілді. Бұндай таптырмас мүмкіндікті құр жіберетін шымкенттіктер бар ма? Тынымсыз жаттығу мен озық стратегиясының арқасында оза шауып, ел сенімін ақтады.
Сонымен, 2019 жылы Қазақстан чемпионатының І лига маусымы команда үшін сәтті басталды. Алғашқы ойыннан-ақ жерлестері «Қыран» футбол командасын 3:1 есебімен ойсырата жеңіп, екінші кезеңде «Екібастұзды» 1:0 көрсеткішімен тізе бүктіріп, екінші орынға шықты.
Қазақстан кубогі бойынша 2019 жылы бірінші кезеңде «СДЮСШОР 8», «Арыс» клубтарымен топқа түсіп, 1 орын алды. Жарыстың 1/8 финалында, Сыр елінің «Қайсар» командасынан 1:2 есебімен ұтылып, жарыспен қош айтысқан болатын. Араға 4 жыл салып енді «Қайсар Шиелі» командасымен бақ сынамақ.
Ал біздің «Қайсар Шиелі» командасы ойыншылары үшін бұл өте маңызды кездесу. Тарихи сәт. Себебі, құрылғанына аз уақыт болса да Қазақстан чемпионатының ІІ лигасында ойын өрнегін көрсетудің өзі үлкен жетістік. Бүгінде облыстық, республикалық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, өз жолдарын қалыптастырып үлгерді. Команданы белгілі жаттықтырушы Қанат Шерімбетов және оның көмекшісі, тәжірибелі бапкер Бекежан Жаңатаев дайындауда. Қос жаттықтырушы да Қазақстан футбол федерациясының ережесіне сәйкес УЕФА категориялық білікті мамандары.
– Бұл кездесу аудандар тарихындағы алғашқы жоба болғалы тұр. Жалпы «Қайсар Шиелі» команасында 25 ойыншы бар. Алдағы қарсылас «Оңтүстік академия» командасы да осал емес, тәжірибесі мол. Сондықтан команда сапындағы ойыншылар жаттығуды күшейтіп, аянбай тер төгуде. Шиелі ауданы тұрғындарын тартысты бәсекені көзбе-көз көріп, келіп тамашалауға шақырамын, – дейді «Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек.
Иә, Шиелі ауданына келетін «Оңтүстік академия» футбол клубы да осал емес. Бар күш-жігерді жаттығуға салып, тартысты ойын өрнегін көрсету үшін оларда аянып қалмайтыны анық. Дегенмен, жергілікті ойыншыларға деген сенім мол, үміт басым.
Құрметті оқырман, қадірлі аудан тұрғындары. Көпшілік көз тігіп, барлығымыз асыға күткен ойынның өтуіне аз қалды. Көкейдегі сұрақтың жауабын білер сәт те жақындады. Байрақты бәсекеде өнер көрсететін «Шиелі Қайсар» командасының бабы мен бағы қатар шабар ма екен?

М.ИБРАГИМОВ
08 сәуір 2024 ж. 157 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 112

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031