Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің футбол маусымы қашан басталады?

Еліміздің футбол маусымы қашан басталады?



    Еліміздің футбол маусымы 3 наурыз күнгі Қазақстан суперкубогы ойынымен басталады. Бұл Астана қаласында өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиынында белгілі болды.
    Естеріңізге сала кетелік, аталмыш ойын  «Астана» және «Қайрат» командаларының арасында болады.
    Кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиынында Премьер-лига ойындарының күнтізбесі де анықталды. Футболдан 2019 жылғы Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры 10-11 наурыз күндері ойналады.
    Сондай-ақ, отандық клуб басшылары  белгілі футболшы Серік Жейлітбаевты еске түсіруге арналған жыл сайынғы сыйлықтың иегерін анықтады. 2018 жылдың қорытындысымен ол сыйлыққа Қызылорданың «Қайсар» командасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов лайық деп танылды.
    Жалпы жиын барысында 2019 жылғы маусымдағы жарыстардың ресми добы бекітілді. Биыл қазақстандық командалар Adidas компаниясының добымен ойнайды. Сонымен қатар, Conext 19 добы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңнің ресми добы саналады.
      Бұдан бұрын футболдан Қазақстан мен Молдова құрамалары 21 наурызда кездесетінін 
inform.kz
24 қаңтар 2019 ж. 1 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

№83 (9247)

18 қазан 2024 ж.

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031