Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ: ШИЕЛІ ШЫМҚАЛАНЫ ШАҚЫРАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ: ШИЕЛІ ШЫМҚАЛАНЫ ШАҚЫРАДЫ

Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі спорт сүйер қауым!
Қасиетті Рамазан айы Шиелі ауданын жағымды, ақжолтай хабарымен қуантып отыр. Иә, қасиетті ай теңбіл доптың тілекшілері үшін сүйіншісі бар, ақ түйенің қарыны жарылардайақ жағымды жаңалығымен келді. Өйтпегенде ше? Республика көлемінде 2024 жылы бастау алған футбол чемпионатында ауданның «Қайсар Шиелі» командасы өнер көрсетеді. Дүбірлі додада тұңғыш рет Шиелі ауданының футбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші лигасында бақ сынамақ.
2024 жылдың 9 сәуір күні «Шиелі Қайсар» командасы Шымкент қаласының «Оңтүстік академия» футбол клубын өз алаңында қабылдайды. Олай болса, жерлес командаға жеңіс тілейміз! Өңірдің теңбіл доп тарихында талай жерде топ жарған мықты майталмандарды тәрбиелеп, ойыншылардың нағыз жанкүйері де бапкері бола білген ардагер спортшы Аманқұлов Нұрмағанбет Сахиұлы бастаған команда облыс көлеміндегі чемпионаттарда бірнеше дүркін жеңімпаз атанған. Шиелі ауданы – «Алтын күз» облыстық ауыл спортшылары спартакиадасының 18 дүркін, облыстық кубоктың екі дүркін жеңімпазы. Ауданның 1982 жылы туған жасөспірімдер командасы алғаш рет облыс көлемінде 1996 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Бұған дейін «Қайсар» кәсіби футбол клубында жерлестеріміз Дархан Бекішов, Жалғас Әлтаев, Бектас Ертаев, Жасұлан Молдағараев, Сүйіндік Көшеков, Мағжан және Абай Ізбасаров, Фазылбек Бекбанов ойнаса, қазіргі таңда Бақдәулет Молдағараев, Жахмур Диас «Қайсар Шиелі» футбол клубында өз өнерлерін көрсетеді. Бүгінгі таңда жерлестеріміздің арасында бұқаралық спортпен айналысушылардың саны 33 мыңнан асса, оның 3 мыңнан астамы футбол ойынымен шұғылданады.
Биылдан бастап футбол академиясы аудан көлемінде өз жұмысын бастайды. Аталған академияда ойыншылардың басым көпшілігі теңбіл допқа әуес жерлестерімізден жасақталатын болады. Жалпы Шиелінің теңбіл доп тарихында аудан құрама командасы Тимур Сегізбаев бастаған Қазақстан құрама командасын, Ринат Дасаев бастаған КСРО-ның құрама командасын және Оңтүстік Африка мемлекетінің командасын қабылдаған болатын. Бұл – біздің тарих.
Санаулы күнде алғаш рет футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіліп, қайталанбас тарихи сәттің куәсі болғалы тұрмыз.
Құрметті қауым! Сіздерді аудан көлемінде бұқаралық спорттың дамуында айрықша орын алатын айтулы спорттық шарамен құттықтай
отырып, өңір тарихында ең алғаш өткізілетін тартысты да табысты Қазақстан Республикасы чемпионатының ойынын тамашалауға шақырамыз!
02 сәуір 2024 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30