Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр медиа» серілері теңбіл доп теуіп ерледі

«Сыр медиа» серілері теңбіл доп теуіп ерледі


Ағымдағы жылдың 4-5 сәуір күндері Түркістан қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Жаңарған Түркістан» атты республикалық турнир өтті.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған 13 команда келіп, бақ сынасты. Айтулы шараға «Сыр медиа» ЖШС атынан «Жаңақорған тынысы» редакция­сы мен аудандық «Өскен өңір» редакциясының журналистерінен құралған футбол командасы да аттанған болатын. Тартысты додада біздің жігіттер жасындай жанып, жақсы өнер көрсетті. Нәтижесінде, «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирінің ширек финалында «Сыр медиа» командасы І орынды жеңіп алды.
Сонымен, бірінші орын алған командаға – 500 мың, екінші орынға – 300 мың, ал, қола жүлдегерге – 150 мың теңге тапсырылды. Сондай-ақ, турнирдің үздік қақпашысы, шабуылшысы, қорғаушысы және ең мықты ойыншысы марапатталып, тағы 3 ойыншыға О.Жарылғапов, Ә.Нұрмаханов және Б.Саттарханов атындағы арнайы жүлделер тапсырылды.

«Өскен өңір» ақпарат.
06 сәуір 2019 ж. 1 613 0