Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері арасынан үздік шықты

БАҚ өкілдері арасынан үздік шықты

Кеше Арал ауданында 28 маусым – Байланыс және ақпарат күніне орай БАҚ қызметкерлері арасында Арал ауданы әкімінің кубогы мен жүлдесі үшін шағын футбол турнирі өтті. Арал өңірі балықшыларының IV слетімен тұспа-тұс келген турнирдің ашылу салтанатында аудан басшысы М.Оразбаев БАҚ өкілдерін өткен мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысқалы отырған жалынды журналистерге сәттілік пен жеңіс тіледі.
Айдынды Арал төрінде өткізілген кіші футбол сайысында Қызылорда облысы бойынша 8 топ, яғни «Қазақстан Қызылорда», «Тәуелсіз БАҚ», «Меншікті тілшілер», «Сыр Медиа» ЖШС, «Қазалы» газеті, «Толқын», «Жас тілшілер» және «Өскен өңір» командалары бақ сынасты.
Сайыс барысында сала қызметкерлерінен құралған қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде жерлесіміз Шиелі аудандық «Өскен өңір» командасы топ жарып I орынды иеленді. II орын «Сыр Медиа» ЖШС-нің жігіттеріне бұйырса, «Меншікті тілшілер» командасы III орынды қанағат тұтты.Үздік деп танылған ақпарат майданының аяқдопшылары арнайы номинациялармен және жүлделермен марапатталды.
Өскен өңір ақпарат.
13 шілде 2018 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031