Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЖӘНЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЖӘНЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

14-18 қараша аралығында Украинаның Харьков қаласындағы «Локомотив» спорт сарайында панкратионнан әлем чемпионаты өтті.
Оған 20 елден 400-ден астам спортшы қатысқан. Қазақстан Республикасының панкратион құрама командасының құрамында Шиелі ауданынан Абылай Шакирбеков 100 кг салмақ дәрежесінде және Диас Құдайбергенұлы 70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жарыс барысында Абылай ­Шакирбеков қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, жарыс қорытындысы бойынша 100 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында Әлем чемпионы атанды.
Ал, Диас Құдайбергенұлы 70 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Әлем чемпионатына дайындаған жаттықтырушысы – АДС Джиу-джитсудан және қоян-қолтық жекпе-жектен (рукопашный бой), грэплингтен спорт шебері – Ербол Длимбетов.
Панкратион – қайта жанданған спорт. Ол еркін және грек-рим күресінің, самбоның, дзюдоның, бокстың және басқа да жекпе-жек өнерінің техникалық әрекеттерінің барлық дерлік әдістерін пайдалануға рұқсат етілген танымал аралас жекпе-жек.

«Өскен өңір» ақпарат
23 қараша 2021 ж. 1 126 0