Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Қызылордалық спортшы Азия чемпионы атанды

Қызылордалық Фараби Сауытбаев әмбебап жекпе-жектен өткен қысқы Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Футбол: Оралдың «Ақжайығы» оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды Астанада мүгедектігі бар спортшыларға арналған мектеп ашылды Түркістанда алғаш рет самбодан жарыс өтіп жатыр Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтті. Ол 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс барысында қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Қызылордалық спортшы  Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қарсыластарын жеңді. Ф.Сауытбаев 1993 жылдың 19 қазанында Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол былтыр әлем чемпионатында күміс жүлдегері атанған еді. Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Оның бапкері - Бауыржан Жүсіпов. «Биыл 8-10 мамыр күндері Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен ел біріншілігі өткізіледі. Оған Фараби Сауытбаев және облыстан өзге де жастар қатысады», - деді әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармаханов. Аталмыш додаға Азияның 10 елінен спортшылар келді. Қазақстан құрамасы командалық есепте 3-орыннан көрінді.   

inform.kz
24 қаңтар 2019 ж. 914 0