Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда спорт матчтары көрерменсіз өтеді

Қазақстанда спорт матчтары көрерменсіз өтеді

Қазақстанда спорт матчтары көрерменсіз өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қатысты баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

"Ойындар жоспар бойынша өтеді, бірақ көрерменнің баруына тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Барлық еуропалық елде ірі командалар ойнап жатыр, бірақ көрермендер жоқ. Бізде де осындай шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.

Одан бөлек, футболдан Еуропаның топ-лигалары көрерменсіз өтеді. Испания чемпионатының екі туры, Германия чемпионатының төрт матчы, Франция чемпионатының 15 сәуірге дейінгі ойындарында трибуно бос болады. Ал Англия Премьер-лигасында футболшыларға қол алысып, амандасуға тыйым салынды.

Италия ұлттық Олимпиада комитеті елдегі барлық спорт жарысын 3 сәуірге дейін тоқтатты. Футболдан Италия чемпионаты маусымды осылай аяқтауы да мүмкін.
Одан бөлек, биыл Токио Олимпиадасы биыл емес, бір немесе екі жылдан кейін өтуі ықтимал.
12 наурыз 2020 ж. 501 0