Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЧЛ: «Реал» «Ливерпульмен», «Барселона» «Челсимен» жолығуы мүмкін

ЧЛ: «Реал» «Ливерпульмен», «Барселона» «Челсимен» жолығуы мүмкін

Кеше UEFA чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алған он алты команда анықталды, деп жазады prosports.kz.

1/8 финалға жолдама алған командалардың тізімі:

Топ жеңімпаздары: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Бавария» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Ливерпуль» (Англия), «Барселона» (Испания), «РБ Лейпциг» (Германия), «Валенсия» (Испания).

Екінші орын: «Реал» (Испания), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Аталанта» (Италия), «Наполи» (Италия), «Боруссия» (Германия), «Лион» (Франция), «Челси» (Англия), «Атлетико» (Испания).

UEFA ережелеріне сай 1/8 финалда бір елдің командалары және бір топта өнер көрсеткен командалар өзара кездеспейді. Шетелдік басылымдар осы ережеге сүйене отырып, алғашқы плей-офф сатысында жолдары түйісуі мүмкін командаларды межелеген екен.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту дәсімі 16 желтоқсан күні өтеді.

13 желтоқсан 2019 ж. 819 0