Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан спортшылары жеңіс тұғырында

Аудан спортшылары жеңіс тұғырында


Өткен аптада Қармақшы ауданында «Алтын күз – 2019» ХХХІІІ облыстық дәстүрлі спартакиадасы өтті.
Ауыл спортшылары арасындағы бәсекеге облысқа қарасты жеті ауданнан мыңнан аса спорт өкілдері қатысты. Кіл мықтылар 5 күнге созылған додада бас­кетбол, волейбол, футбол, қазақ күресі, бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, гір көтеру, қол күрес, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, қол добы, аударыспақ, теңге ілу секілді спорттың 16 түрінен бақ сынасты.
Нәтижесінде Шиелі ауданының намысын қорғаған спортшылар қарсыластарына дес бермей, спорттың қай саласында болмасын жоғары ойын көрсетіп, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал І орынды Қармақшы ауданы иеленсе, ІІІ орын сырдариялық спортшыларға бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды. Ауданның абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға абыройларың асқақтай берсін демекпіз.

Г.Яхия
08 қазан 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930