Дені сау ұрпақ – ұлт байлығы
Болашақ – бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды іс болып саналады. Сол себепті өткен әрбір спорттық шараның орны ерекше. Сондай жастарға жақсылықты үндеп, тек дене тәрбиесін ғана емес, әділдікті, достықты насихаттайтын шараның бірі аудандық спорт мектебінде өтті.
Спартакиадаға қатысқан 500-ге жуық спортшы қол күрес, асық ату, белбеу күрес, бес асық, кермеге тартылу, эстафета, футбол ойындарынан өнерін көрсетті. Екі күнге созылған турнир барысында спортшылар күштерін ғана сынап қойған жоқ. Әділдіктің ақ туын арқалаған әділқазылардың әділ шешіміне куә болды. Ұлттық ойын түрлерін жаңғыртты. Турнирдың қорытындысы бойынша командалық есепте Бала би ауылының спортшылары алдыңғы шепте болып, І орынды иеленсе, Еңбекшінің мықтылары ІІ орынды алды. Ал тартоғайлық спортшылар он алты ауылдың арасынан ІІІ орынға тұрақтады.
«Өскен өңір» ақпарат