Ақтөбеде жазғы универсиада басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы мұз сарайында Х жазғы универсиаданың ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Ұлттық студенттік спорт одағының баспасөз қызметі хабарлады.
Ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов, студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Жаснур Акедилов, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов және Беларусь студенттік спорт қауымдастығының төрағасы Александр Богданович, Республикалық оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі және спорт орталығының директоры Виталий Стригельский, Беларусь студенттік спорт қауымдастығының бас хатшысы Виталий Карнаушенко қатысты.Мерекелік кеште құрама командаларының дәстүрлі шеруі өтіп, 60-қа жуық жоғары оқу орынының өкілі жүріп өтті. Шеруден соң "Ақтөбе қарсы алады" музыкалық-хореографиялық прологы қойылды. Одан әрі шара "Спорт-ты мир" хореографиялық композициясы, "Гаудеамус" шоу бағдарламамен жалғасты.
Жалпы шараға 607 студент-спортшы, 500-ден астам белсенді жастар өз өнерлерін тарту етті.
Еске сала кетейік, 3 сәуір - 10 маусым аралығында Х жазғы Универсиада аясында жоғары оқу орындары арасында түрлі спорттық жарыс өтеді.