Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖӨНІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ


Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру және оның мәнін жеткізу мақсатында өңірлік коалиция мүшелері Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы, Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы, Мұстафа Садық Шонмұрынұлы және аумақтық коалиция мүшелері Мырзабеков Насырбек Аябекұлы, Қасымов Қалмырза Айдарұлы, Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы, Баймұратова Жібек Орынбайқызы, Ержан Әбдешов Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәні жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер Ата заңның қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция – маңызды құжат. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Бұл құжат еліміздің демократиялық дамуын нығайтып, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады», – деді Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы.

Жиында барысында Жаңа конституция жобасына өз ұсынысын берген Махамбетәлі Хамитұлы:«Бүгінде біз Гимн сөзін «Әнұран» деп өзгерттік. Бұл – ел тарихы мен дәстүрін ескере отырып, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы экономикалық өсімді қамтамасыз ету, әлеуметтік саясатты жетілдіру, білім және денсаулық сақтау саласын дамыту, сондай-ақ өңірлердің әлеуетін арттыру сияқты бағыттарға оң ықпал ететіні де айтылды. Құжаттың елдің тұрақты дамуына, азаматтардың өмір сапасының жақсаруына және қоғамдағы тұрақтылыққа серпін беретіні тұрғындарға жеткізілді.

Кездесу барысында аудан тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Аудан ардагерлері ақ батасын беріп, жаңа конституция жобасына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

#референдум
10 наурыз 2026 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031