Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ...

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сыздық Болат Мүбаракұлы және аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы бастаған жұмысшы тобы құрылыс саласында әлеуметтік нысандар (мектеп, бала бақша, аурухана, емхана) бойынша Республикалық және аймақтық жобалар бойынша 2019-2021 жылдары аралығында жүзеге асқан бірқатар нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді!
Атап айтқанда, жұмысшы тобы алдымен 2020 жылдың маусым айында «Жол картасы» бағдарламасы аясында құны 118 миллион теңгеге, облыстық бюджет есебінен Қызылорда облыстық құрылыс басқармасы арқылы «Ер-Қанат Сервис» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қосымша құрылыс жұмыстарына барды.
Аталған нысан бойынша музей директоры шыныдан жасалынған күнбездің әйнектері шытынап жаңбыр жауғанда ғимарат ішіне жаңбыр суының тоқтаусыз ағуы, ғимараттың артқы кіре-беріс есігінің сыртқы баспалдақтың кафельдерінің сынуы және ажырауы, жаңбыр суының ағатын суағарларының қосылған (жалғанған) жерлерінің барлығының дұрыс жалғанбауы және су ағуы, ғимараттың іргесіне жағалай құйылған цементтің төмен түсуі бойынша жұмысшы топқа шағымын жеткізді. Бұл бойынша тиісті орындарға кемшілікттерді жою бойынша ұсыныстар берілетін болды.
Сондай-ақ Пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды аралау барысында «СМП Қызылорда» ЖШС құрылысын жүргізген 150 орындық аурухана ғимараты қаралды. Жаңа типтегі 150 орындық аурухана құрылысы 2017 жылдың желтоқсанында басталып 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Жер учаскесі көлемі 6,63 га. Ғимараттың жалпы алаңы 14130 ш.м құрайды. Зерделеу нәтижесінде аталған жобаны жүзеге асыру барысында өрескел бұзушылыққа жол берілмеген, сондай-ақ анықталмаған. Жертөлелері бүгінгі күнге дейін ешқандай су басу немесе ызалау болмаған, құрғақ күйінде. Ғимарат 4 корпустан тұрады. Ешқайсысында қабырғалар жарылу немесе сызат түсу байқалмаған.
17 қыркүйек 2021 ж. 2 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930