Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама толық баяндалды

Бағдарлама толық баяндалды



«Ақжол» партиясы атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның сенімді өкілдері Қарағанды қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат тобы сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Сондай-ақ, олар сайлаушыларға үміткер тарапынан ұсынылған қазақстандық өндірісті қолдау тақырыбында ой қозғады. Олардың қатарында қолжетімді несие, төмендетілген салық ставкалары және шынайы бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау секілді мәселелер де бар. Жүздесу барысында өңірдегі шағын кәсіпкерлік тарапынан кездесіп жүрген проблемалар таразыланды. Партияның Қарағанды облысы филиалының мәліметі бойынша, былтыр оларға 800-ге жуық кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым көрсетілгенін хабарлаған. Бұл проблемалар қатарында заңсыз тексерулер мен кәсіпкерлер құқығын бұзуға байланысты шағым айтқан.
Сенімді өкілдер Қарағанды турбомеханикалық зауыты ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кәсіпорын 25 жылдан бері рынокқа өз өнімдерін шығарып келеді. Олардың қызметі – жылу электростанциялары қосалқы бөлшектерін дайындау, қызмет көрсету мен жөндеу.
07 маусым 2019 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930