Тұрғындар тілегі тыңдалды
Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысында болды. Кандидаттың сенімді өкілдері аталмыш облыстағы ірі кітапхана қызметкерлері және оқырмандарымен кездесті.
Жиналған жұртшылық алдында Сәдібек Түгелдің сайлауалды платформасы жан-жақты түсіндірілді. Тұрғындар өңірде үміткердің бағдарламасында көрсетілген мәселелер көпшілік көкейіндегісін дөп басқанын жеткізді. Қазақ халқының құндылықтарын сақтау бойынша Сәдібек Түгел тілдік қорды дамыту, ұлттық дәстүрлерді сақтау бойынша өскелең ұрпақ мектептен білуі тиіс. Сондай-ақ, ол түнгі клубтар мен букмекерлік кеңселерді жабу мәселесін ұсынады. Ұлттық құндылықтарды сақтауды қолдайтын үміткердің ойына ол ұрпақ тәрбиелеуде өз септігін тигізетін болады.
Үміткердің сенімді өкілі Салтанат Құмарованың айтуынша, Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мәселелер көпшілікке ой салады. Атап айтқанда, түнгі клубтар мен тотализаторлрды жабу көп түйткілді шешеді. Бұл орындар көптеген проблеманы туындатып жүргені белгілі.