Сайлауға сақадай дайын
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтың сенімді өкілдері қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізді. Сонымен қатар іс-шара барысында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі тезистері түсіндірілді. Нұр-Сұлтан қаласы сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов пен партияның құрметті ардагері Н.Батюта кездесуден кейін партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билет тапсырды. Бұл күні партия қатары Қазақстанның жаңа азаматтарымен толықты.
Н.Оразхановтың пікірінше, партияның жаңа мүшелері үшін өмірдің ерекше кезеңі басталады. Оларға партияның үндейтін идеялары мен құндылықтарын ілгерілендіруді жалғастыру міндеті жүктеледі. Сонымен қатар ол еліміздің әрбір азаматы үшін партияның есіктері ашық екенін айтты.
Билет табыстау рәсімінен кейін шахмат турнирі өтті. Турнирда қалалық комитеттің жас белсенділері қала ардагерлерімен сайысқа түсті.