Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Спорт және дене шынықтыру жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне сайланды. Аталған шешім Щучинскіде өткен кеңес отырысында қабылданды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады. 

Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы жаңа қызметті қатар атқара береді. ТМД-ға мүше мемлекеттердің Спорт және дене шынықтыру жөніндегі кеңестің төрағасының мерзімі – бір жыл.
«Мәселен, бүгінде ТМД-ға мүше елдердің спорт саласын цифрландыру жоспарланып отыр. Серік Сәпиев осы мәселемен де айналысады. Қазіргі кезде біздің елімізде цифрландыру шаралары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар «Зерде» холдингімен бірлесіп пысықталуда. Сонымен қатар, ТМД-ға ортақ стратегия бар. Онда допингтен бастап, цифрландыруға дейінгі барлық шара қамтылған. Кеңес төрағасы соның бәрін үйлестіріп отырады», – деді комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.
Оның сөзінше, кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан Республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.
Айта кетейік, осы жолы Щучинскіде өткен отырыста спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқыланып, цифрлық технологияларды енгізу жайы қаралды. 
Бұдан бөлек, ТМД-ның осы саладағы 2021-2030 жылдарға арналған стратегиясының жобасы пысықталды.
06 маусым 2019 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (8707)

23 шілде 2019 ж.

№55 (8706)

19 шілде 2019 ж.

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам