ЖАЗДА ҚАЙ АЙДА ҚАЙ ЕЛДЕ ДЕМАЛУҒА БОЛАДЫ?
Шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл беру жүйесінің жұмыс істей бастаған уақытынан бастап «Туристік Қамқор» Корпоративті Қоры (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтарға 500 мыңға жуық (485 мың) ТУРКОД бергені мәлім болды. Бұл туралы «Туристік Қамқор» КҚ баспасөз-қызметінің өкілдері хабарлады.
2017 жылдан бастап қазақстандық саяхатшыларға шетелге тур-кодпен шығуға кеңес беріледі. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде күтпеген жағдайға тап болған сәтте отандастарын тез арада елге оралтуды көздейді. Ең алдымен бұл алақол қызмет жасайтын турфирмалардың кесірінен зардап шеккендерге қатысты. ТУРКОД кез келген жағдайда Сіздің отаныңызға жақын арадағы рейспен оралуыңызға кепіл бола алады.
Туроператорға туристік кодты Қор жарна мен (бір турист үшін жарнаның көлемі 1 АЕК – 1202 тг. Ол соманы турист үшін туроператор өзі төлейді) банктік кепілдемелер (12 млн мен 36 млн теңге аралығында) төленгеннен кейін ғана береді.
Бүгінгі таңда «Туристік Қамқор» Қорының құрамына 56 туроператор мүшелікке енген. Олардың тізімімен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Алайда Қазақстанда шетелге шығумен айналысатын ұзын саны 140 компания қызмет етеді. Яғни қалған жетпістен астам туроператор қауіп-қатерге бас тіге отырып, жасырын түрде қызмет көрсетуде деген сөз. Ондай жағдайда шетелде демалыста жүрген отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Әлі шетелге демалысқа шығып үлгермеген саяхатшыларға «Туристік Қамқор» КҚ өзінің қонақ үйінің бронын тексеруін, артқа үйге қайтатын билеті төленгендігін, сондай-ақ өзінің ТУРКОД-ының бар екендігін тексеріп алуға кеңес береді.
ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы.
«Туристік Қамқор» қоры 2016 жылғы 7 қарашадан бастап жұмыс істейді.
Ауа-райының жағдайын сараптай отырып, қазақстандықтар үшін тамыз айында шетелдерде демалудың қолайлы орны болып келесі мемлекеттер аталып отыр. Атап айтар болсақ, Крит, Кипр, Грекия, Түркия, Болгария, Италия, Тунис, Мальта, Доминикан, Куба, Кариб, Хайнань аралы, Вьетнам, сонымен қатар Жерорта теңізінің барлық жағалауы мен Португалия.
Қыркүйек пен қазан айларында Мысыр (Египет), Канар аралдары, Израиль, БАӘ, Тайланд, Доминикан, Үндістан, Шри-Ланка, Малайзия, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралында ойдағыдай демалуға болады. Ал қараша-желтоқсан айларында Тайланд, БАӘ, Доминикан, Куба, Кариб, Үндістан, Малайзия, Хайнань аралы, Вьетнам, Сейшел, Маврикия, Мальдив аралдарында демалысыңызды өткізуді жоспарласаңыз болады.
Еркін ҚАЛДАН