Димаш Құдайберген қазақстандық туризмнің елшісі атанды
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген қазақстандық туризмді насихаттайтын болады. Оған арнайы сертификат табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.Димаш Құдайберген Ақтөбеде өзімен кездесу үшін арнайы келген фан топтарының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «Казақтуризм» ҰК» АҚ төрағасы Рашид Күзембаев Димаш Құдайбергенге қазақстандық туризм елшісінің сертификатын табыстады.
«Қазақстанда фан топтарға арналған туристік бағыт алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әнші концерттерінде өз фанаттарын Отанына шақырады. Бағыт арнайы таңдалды. Димаш Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларын жиі айтып жүреді. Сондықтан «Атамекен» ҰҚП, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Скат» әуекомпаниясы мен үл қаланың туристік операторлары бұл идеяны қолдап отыр. Себебі Димаш Құдайбергеннің есімі күн санап танымал бола түсіп, фан топтарының қатары артуда. Осылайша біз «Димаш» брендін дамыта аламыз», – дейді Рашид Күзембаев.
Сонымен қатар «Қазақтуризм» ҰК» АҚ Димаштың Қытайдағы, Шығыс Азиядағы танымалдығы арқылы Қазақстан туралы білімді кеңінен таратуға ниеттеніп отыр.
«Бір жарым ай бұрын футболшы Месси әлемдік туризмінің елшісі атанды. Ендігі біз Димаш Құдайбергенге қазақстандық туризм елшісінің сертификатын табыстаймыз. Ол – өз елінің патриоты», – дейді Күзембаев.
Stan.kz