Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция мүшелері Жолдауды талқылады

Фракция мүшелері Жолдауды талқылады


Кеше «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Қазбек Шәукебаев, фракция мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

Жиында фракция мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға арналған "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Президенттің бұл Жолдауы – көптің көкейінде жүрген сауалдар, халықтың ойында жүрген мәселелер мен ұсыныстарының жиынтығынан туындаған маңызды құжат екендігін жеткізді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Нұргүл Шалекеева Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мән-маңызы айрықша, бір жылмен шектелмейтін ауқымы кең, мазмұны бөлек екеніне тоқталды.

Отырыста аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қалмырза Қасымов Жолдаудың өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуге бағдар беретін бағдарлама екенін айта келе, фракция отырысына қатысушыларды Жолдауды іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.
24 қыркүйек 2025 ж. 152 0